ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ҚАУІПСІЗ ОТБАСЫ МЕН ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ
Қауіпсіз қоғам қалыптастыру отбасындағы тәрбиеден басталады. Ал жас ұрпақтың заңға құрметпен қарап, өз құқығын білуі – ел болашағы үшін маңызды. Осы орайда Ақжайық ауданында «Заң мен тәртіп – қауіпсіз отбасы мен қоғамның негізі» тақырыбында форум өтті. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай ұйымдастырылған жиында жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, отбасылық құндылықтарды нығайту және қоғамдағы тәртіп пен қауіпсіздік мәселелері талқыланды.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо