ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ ҚЫЗМЕТІ КҮШЕЙТІЛДІ
Кейде адамның жан күйзелісі сырт көзге байқала бермейді. Ал дер кезінде көрсетілген қолдау талай қайғылы жағдайдың алдын алуы мүмкін. Осы бағыттағы жұмыстарды күшейтуге басымдық берілген. Өңірдегі білім беру ұйымдары мен дағдарыс орталықтарында психологиялық қолдау кабинеттері жұмыс істейді. Мамандар қиын жағдайға тап болған азаматтарға тегін әрі құпия көмек көрсетеді. Суицидтің алдын алу шаралары қалай жүзеге асуда?
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо