ӨҢІР БЮДЖЕТІ: БАСЫМ БАҒЫТТАР МЕН МАҢЫЗДЫ МІНДЕТТЕР
Биыл өңір бюджеті 598 миллиард теңгені құрады. Қаражаттың басым бөлігі халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған. Алайда бюджет кірісін қалыптастыруда туындаған қиындықтарға байланысты бүгінде шығыстар басымдық тәртібімен қаржыландырылып жатыр. Әлеуметтік міндеттемелерді орындау, басталған жобаларды аяқтау және тозығы жеткен инфрақұрылымды жаңғырту – күн тәртібіндегі негізгі міндеттер. Сонымен қатар өңірде бюджет шығыстарын оңтайландыру жұмыстары жүргізілуде.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо