ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Республика күні қарсаңында Батыс Қазақстан облысында халық денсаулығын сақтауға өлшеусіз үлес қосып жүрген медицина қызметкерлеріне құрмет көрсетілді. 40-қа жуық дәрігерге табанды еңбегі мен кәсіби адалдығы үшін марапаттар табысталды. “Әр марапаттың артында – жылдар бойғы ізденіс, ұйқысыз түндер мен адам өміріне деген жауапкершілік жатыр”, - деп атап өтті жиында сөз сөйлеген облыс әкімінің орынбасары Тілепберген Каюпов.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо