Негізгі Жаңалықтар АУЫЛДАҒЫ МЕРЕЙЛІ МЕРЕКЕ

АУЫЛДАҒЫ МЕРЕЙЛІ МЕРЕКЕ

Қаратөбе ауданындағы Саралжын ауылының құрылғанына 65 жыл толуына орай мерекелік шаралар ұйымдастырылды. Мерейтой аясында ауылдың әлеуметтік ортасын дамытуға бағытталған бірқатар игі бастама жүзеге асты. Еңбек ардагерлерімен тағылымды кездесу өтіп, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды. Тұрғындар бас қосқан мерекелік шара туған жерге деген құрметті ұлықтап, ауылдың бүгінгі тыныс-тіршілігі мен ортақ іске жұмылған ел бірлігін көрсетті.


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо

Бөлісу