Негізгі Жаңалықтар ЖОЛ ЕРЕЖЕСІН ҚАСАҚАНА БҰЗАТЫНДАРҒА ЖЕҢІЛДІК БЕРІЛМЕУІ МҮМКІН

ЖОЛ ЕРЕЖЕСІН ҚАСАҚАНА БҰЗАТЫНДАРҒА ЖЕҢІЛДІК БЕРІЛМЕУІ МҮМКІН

Жедел жәрдем мен қоғамдық көліктерге айналасына

бақылау жүргізетін камералар мен жылдамдық өлшейтін құралдар жаппай орнатылады. Ішкі істер министрі Ержан Сәденов бүгін үкімет отырысында осылай деді. Қазір небәрі 8 арнайы көлік осындай құрылғымен жабдықталған. Сонымен қатар таным белгісі жоқ, яғни сырт көзге басқа көліктерден ерекшеленбейтін кешендер саны көбейтілмек. Бұл жүргізушілердің кез келген уақытта жол ережесіне мұқият болуы үшін қабылданып отырған шара. Жолдардағы қауіпсіздік тақырыбы қаузалған үкімет отырысында ережені жиі бұзатындарға жазаны қатаңдату тапсырмасы да берілді.


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо



Бөлісу