ШЕТЕЛДІК ДӘРІГЕРЛЕР ОРАЛҒА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУҒА КЕЛДІ
Оралда «Созылмалы тамыр ауруларын емдеудегі заманауи технологиялар» тақырыбына арналған халықаралық конференция өтті. Алыс-жақын шетел мен өзге де аймақтардан келген және өңір дәрігерлерінің басын қосқан жиында кеңейген тамырға ота жасаудың жаңа әдістері туралы тың ақпарат берілді. Заманауи тәсілді ел медицинасында алғаш рет қолданысқа енгізген жергілікті флеболог-хирург Жанайдар Қазтуғанов болатын. Дәрігер тамырды бүлдірмей емдеудің адам өмірін сақтап қалу үшін маңызды екенін дәлелдеп, шетелдік мамандарды да мойындатқан мықтылардың бірі.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо