«КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ БАСТАЛДЫ
Елімізде «Кітап оқитын ұлт» республикалық кітап оқу марафоны бастау алды. Марафон аясында 20 өңірден 2 миллион оқырманды қамту, 10 мыңнан астам іс-шара өткізу және халықтың кемінде 10 пайызын кітап оқу қозғалысына тарту көзделген. Сондықтан «Кітап оқитын ұлт» – жай ғана кітап оқу байқауы емес, еліміздегі оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған кешенді қоғамдық жоба.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо