ЕР ЕСІМІ – ЕЛ ЕСІНДЕ
Орал қаласындағы М.Мәметова атындағы мемориалдық музейінде айтулы шара өтті. Соғыс ардагері Хамидолла Опиевтің туғанына 100 жыл толуына орай еске алу кеші ұйымдастырылды. Іс-шараға еңбек ардагерлері, батырдың ұрпақтары мен туыстары, сондай-ақ Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жас сарбаздар қатысты. Кешке келген қонақтар алдымен музей залдарын аралап, тарихи жәдігерлермен танысты.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо