«САПАЛЫ ӨНІМ-2026»
Оралда «Қала күніне» орай дәстүрлі «Сапалы өнім – 2026» азық-түлік көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Бұл – жергілікті өндірушілердің еңбегін елге танытып, отандық өнімнің сапасы мен мүмкіндігін көрсететін маңызды алаң. Көрмеге өңірдегі түрлі салада еңбек етіп жүрген кәсіпорындар қатысып, көпшілікке өз өнімдерін ұсынды. Әсіресе, өндірушіден тікелей делдалсыз жеткізілген балғын азық-түлік өнімдеріне тұрғындардың қызығушылығы зор болды.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо