ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ТУРНИР
Бүгін – Дүниежүзілік тоғызқұмалақ күні. Осыған орай Орал қаласындағы Jaiyq Arena спорт кешенінде алғаш рет облыстық тоғызқұмалақ федерациясының кубогы сарапқа салынған турнир өтті. Жарыстың ашылу салтанатына өңір басшысы Нариман Төреғалиев қатысып, ұлттық ойынды ұлықтаған спортшыларға сәттілік тіледі.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо