АУЫЛДАҒЫ АҒАЙЫНҒА КӨРСЕТІЛЕТІН ЕМ-ДОМ САПАСЫ АРТҚАН
Шыңғырлау аудандық ауруханасында күрделі жөндеуден кейін ем-дом көрсету мүмкіндігі айтарлықтай артқан. Нысан – КПО компаниясының әлеуметтік жобасы шеңберінде жаңғыртылды. Бүгінде мұнда заманауи диагностикалық және хирургиялық құрылғылар орнатылған. Ауыл тұрғындары бұрын облыс орталығына барып өтетін бірқатар тексеруден енді жергілікті жерде өте алады.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо