ОБЛЫСТА ТЕЛЕМЕДИЦИНА ДАМЫП КЕЛЕДІ
Шалғай ауыл тұрғындарына медициналық көмекті жақындатудың жаңа мүмкіндігі пайда болды. Өңірде телемедицина қарқынды дамып келеді. Бүгінде 38 медициналық ұйым цифрлық жүйеге қосылған. Бұл – науқасқа аудан орталығына немесе облысқа бармай-ақ, қажетті маманнан кеңес алып, бірқатар диагностикалық қызметті қашықтан алуға мүмкіндік береді.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо