Өңірде кадр тапшылығын шешуге бағытталған маңызды бастама жалғасуда. Сұранысқа ие мамандықтар бойынша жоғары білім алуға жергілікті бюджет есебінен білім беру гранттары бөлінбек. Алдағы оқу жылына облысқа жалпы саны 162 бакалавриат және 46 магистратура грантына қажеттілік анықталған. Бұл – білім беру, денсаулық сақтау, құрылыс, сәулет, ауыл шаруашылығы, мәдениет, қаржы және басқа да салалардағы маман тапшылығын азайтуға бағытталған шараның бірі.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо