Орынбор қаласында «Біз+Мы» жастар форумы өтті. Ресей мен Қазақстан арасындағы шекара маңы ынтымақтастығын дамытуды көздеген маңызды іс-шараға Батыс Қазақстан мен Ақтөбе облыстарының өкілдері қатысты. Екі елдің белсенді жастары мен жетекші сарапшылары бір алаңда бірлескен жобаларды жүзеге асыру, әріптестік байланысты нығайту мәселелерін талқылады. Сондай-ақ форумнан соң Орынбор қаласында «Қазақстан-Ресей» тарихи-мәдени, туристік-спорттық экспедициясы бастау алды.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо