Биыл халықаралық «Жайық-Орал» экологиялық экспедициясына 30 жыл толды. Өңірдің басты су артериясы – Жайық өзенінің экологиялық ахуалына алаңдаған жандардың бастамасымен қолға алынған жоба бүгінде халықаралық деңгейдегі табиғат қорғау қозғалысына айналды. Экспедицияның басты мақсаты – Жайық өзенінің экожүйесін сақтауға қоғам назарын аударып, ғылыми зерттеулер арқылы оның табиғи тепе-теңдігін қорғауға үлес қосу. Жиырма бес жыл бұрын жоба жаңа деңгейге көтеріліп, өзеннің бастауында орналасқан Ресейдің Орынбор облысымен тұрақты трансшекаралық ынтымақтастық орнады. Содан бері Қазақстан мен Ресейдің экологтары, ғалымдары, қоғам белсенділері мен мемлекеттік органдарының өкілдері экспедицияға жыл сайын бірге қатысып келеді.

#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо