Өңірде биыл негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеуге 8 мың 200-ден астам талапкер қатысса, оның 6 мыңнан астамы шекті баллды жинаған. Тестілеу барысында түлектерге екі рет бақ сынап, ең жоғары нәтижемен білім грантына үміткер болу мүмкіндігі берілген. Сондықтан алғашында қажетті балл жинай алмаған талапкерлер білімдерін қайта сынап көре алады.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо