Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне келіп түсетін шағымдардың шамамен бестен бірі интернет-дүкендерге қатысты. Әсіресе олар Қазақстан аумағынан тыс жерде тіркелген жағдайда мәселені шешу қиындай түседі. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте елге кейбір өнімдерді импорттауға енгізілген уақытша шектеулер мен жүргізілген тексерулердің қорытындысы туралы Батыс Қазақстан облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы баяндады.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо