Жергілікті брендтер мен жаңа мүмкіндіктер. Оралда «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауы өтті. Дәстүрлі шара аймақтағы үздік тауар өндірушілерді анықтауға бағытталған. Көрме облыс әкімдігі мен облыстық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен ұйымдастырылды. Ашылу рәсіміне аймақ басшысы Нариман Төреғалиев қатысып, жергілікті кәсіпорындардың өнімдерімен танысты. Биыл байқауға өңірдің 40-тан астам кәсіпкері қатысып, үш аталым бойынша үздіктер анықталды.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо