Мемлекеттік қызмет сапасын арттырудың тиімді жолдарының бірі – қоғамдық бақылау. 2023 жылы күшіне енген «Қоғамдық бақылау туралы» Заң азаматтарға мемлекеттік мекемелердің жұмысын бағалауға және қызмет көрсету сапасын жетілдіруге тікелей қатысуға мүмкіндік берді. Осы Заң аясында Ashyk Kogam әлеуметтік даму және инновациялар қоры тұрғындардың өтініштері негізінде жүйелі мониторинг жүргізіп келеді. Бұл жолы қоғамдық бақылау тобы облыстық диагностикалық орталықтың жұмысын зерделеді.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо