Ауыл әкімдерін тікелей сайлау – елдегі демократиялық реформалардың маңызды бағытының бірі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен енгізілген бұл жүйе жергілікті басқарудың ашықтығын арттырып, тұрғындардың өз елді мекенінің дамуына тікелей ықпал етуіне мүмкіндік берді. Осыған орай 5 шілдеде өтетін Ақпәтер, Болашақ және Қараоба ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы қарсаңында кандидаттардың сайлауалды пікірсайысы ұйымдастырылды.

#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо