Оралда тұрғындарға жайлы орта қалыптастыру жұмыстары қарқын алды. Соңғы жылдары «Аулаларды кешенді абаттандыру» бағдарламасы аясында көпқабатты үйлердің аулалары жаңа кейіпке еніп жатыр. Тек кейінгі үш жылда 24 аула толық жаңартылды. Биылғы жұмыстар да жоспарға сай жалғасуда. Орал қаласының әкімі Мұрат Байменов «Журналистің бір күні» жобасы аясында құрылыс алаңдарын аралап, мердігерлермен тілдесті.

#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо