ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ербол Тұяқбаев жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына келіп, өңір тұрғындарымен кездесті. Ашық форматта өткен жиында еңбек нарығындағы ахуал, халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қолдау шаралары мен мүгедектігі бар азаматтарға көрсетілетін қызметтердің сапасы жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы сараланып, тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо