«Болашаққа бастар жол салауатты өмір салтынан басталады». Осы мақсатта елімізде жыл сайын 26 мамыр мен 26 маусым аралығында нашақорлық пен есірткі қылмысына қарсы республикалық айлық өткізіледі. Халықаралық есірткіге қарсы күрес күні қарсаңында Орал қаласында өткен форумға 400-ге жуық тұрғын қатысып, зиянды әдеттерге қарсы ортақ ұстанымдарын білдірді. Қадырсарайда өткен шарада қоғам белсенділері марапатталып, жастарды жарқын болашақ пен салауатты өмірге үндейтін маңызды ойлар айтылды. «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясындағы жиын Батыс Қазақстан облысы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо