Қазақтың дәстүрлі ән өнерін жаңа белеске көтеріп, ұлттық музыка тарихында өшпес із қалдырған көрнекті композитор, әнші әрі ақын Мұхит Мерәліұлының туғанына биыл – 185 жыл. Осыған орай тұлғаның шығармашылық мұрасын насихаттауға арналған ауқымды мерейтойлық шаралар бастау алды. Алғашқы күні «Қазақ музыка мәдениетіндегі Мұхит феномені: тарих, тағылым, зерттеу» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылып, деректі фильм мен жинақтың тұсаукесері өтті.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо