Бөрлі аудандық полиция бөлімінде «Жасыл ел» еңбек жасағының сарбаздарына арналған «Ашық есік» күні ұйымдастырылды. Шара барысында қатысушылар тәртіп сақшыларының күнделікті жұмысымен танысып, құқық қорғау органдарының қоғамдағы рөліне қанықты. Кездесудің басты мақсаты – жастардың салаға деген қызығушылығын арттырып, болашақ мамандық таңдауда бағыт-бағдар беру.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо