23 маусым – Мемлекеттік қызметші күні. Осыған орай Батыс Қазақстан облысы әкімдігінде өңір басшысы Нариман Төреғалиевтің қатысуымен салтанатты жиын өтті. Ел дамуына сүбелі үлес қосып жүрген мемлекеттік қызметшілер мен сала ардагерлері марапатталып, оларға құрмет көрсетілді.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо