Орал қаласында тұрғындардың жайлы демалысына арналған қоғамдық кеңістіктер саны арта түспек. Жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен шаһарда 12 тынымбақ салынып, бірқатар аумақ абаттандырылады. Бұл бастама бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттырып қана қоймай, тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған. Жаңа жобалар облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің қатысуымен өткен жиында таныстырылды.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо