Орал қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені ұйымдастырған «Хроникадан болашаққа» республикалық кинолекторийі өтті. Президент Телерадиокешенінің 30 жылдығына арналған жоба аясында су тасқыны кезінде халықтың бірлігі мен жанашырлығын арқау еткен «СЕРТ» және Арал өңірінің тағдыры туралы баяндайтын ARAL, еліміздің туристік әлеуетін кеңінен таныстыратын TRAVEL KAZAKHSTAN деректі фильмдері көрермен назарына ұсынылды.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо