Оралдағы Жастар мәдениет сарайында «Туған күніңмен, Анашым» атты жаңа қойылым көпшілік назарына ұсынылды. Бұл жолғы спектакльдің ерекшелігі – дәстүрлі үлкен сахнада емес, тәуелсіз шығармашылық алаңда қойылуы. Үш актер сомдаған туынды анаға деген перзенттік махаббат пен бауырлар арасындағы рухани байланысты арқау етеді.

#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо