ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев облысқа жұмыс сапарымен келді. Үкімет басшысының орынбасарына «Энергетикалық және коммуналдық секторды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында атқарылған жұмыстар мен кешенді іс-шаралар жоспары таныстырылды. Атап айтқанда, вице-премьер тозу деңгейі 83 пайызға жеткен Орал жылу электр орталығында болып, №7 жылу магистралі мен №29 кәріз-сорғы стансасындағы құрылыс-монтаждау жұмыстарына қанықты. Сапар барысында вице-премьер аймақта атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо