Қазіргі педагогикада ойын – оқытудың белсенді әдістерінің бірі. Ол арқылы оқушылардың танымдық белсенділігі, топпен жұмыс істеу қабілеті дамиды. Бүгін Ozat бөбекжай-гимназиясында осы тақырыпта семинар өтті. Онда педагогтер заманауи технологиялар мен әдістер арқылы балаларға білім берудің тың тәсілдерімен бөлісті.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо