Сырым ауданында бұқаралық спортты дамытуға бағытталған жарыстар өз мәресіне жетті. Аудан орталығында волейболдан ашық турнир ұйымдастырылса, Қособа ауылында ұлттық спорттың айбынын айсқақтатқан арқан тартыс бәсекесі өтті. Жарыстарға өңірдің үздік командалары қатысып, жанкүйерлерге тартысқа толы әсер сыйлады.