«ҚАЗИИТУ» ғылыми-білім кешенінде студенттер арасында «Заң және тәртіп» қағидатын түсіндіруге бағытталған ақпараттық кездесу өтті. Онда мемлекеттік қызметкерлер мен заң саласының өкілдері баяндама оқып, заң үстемдігін сақтаудың мән-маңызына тоқталды. Шараның мақсаты жастар арасында құқықтық мәдениетті және сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзбеушілік қалыптастыруға бағытталған.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо