БҚО – инвестиция тарту жөнінен еліміздің көшбасшы өңірлері қатарында. Бұл бағытта соңғы 3 жылда тұрақты өсім байқалады. «ҚАЗИИТУ» ғылыми-білім кешенінде өткен студенттермен кездесуде аймақтың инвестициялық жағдайын жақсарту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар сөз болды. Сондай-ақ жауапты сала өкілдері жастардың сұрақтарына жауап қатты.