Қазталов ауданында ұлттық спортты дамытуға арналған «Рух» ат спорты орталығы ашылды. Ал Жұбан елінде еркін күрестен жасөспірімдер арасында V республикалық ашық турнир өтті. Дәстүрлі додаға 25 команда қатысты. Бәсі биік спорттық бәсеке Бөкей ордасы ауданында да ұйымдастырылды. 100-ге жуық мемлекеттік қызметші аудан әкімінің кубогін сарапқа салды.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо