Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев спорт – ұлт денсаулығын нығайтып, белсенді азаматтық қоғам қалыптастырудың негізгі тетіктерінің бірі екенін атап өткен болатын. Елімізде жасөспірімдер мен жастарды пайдалы бастамаларға тартуға ерекше көңіл бөлінуде. Осыған байланысты өңірде спорттық бағыттағы ауқымды жобалар жүзеге асырылып келеді. Соның бірі – облыстық «Жастар Рухы» жастар қанатының бастамасымен қолға алынған «Чемпиондық рух» жобасы.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо