Орал қаласында AMANAT партиясының Саяси менеджмент академиясы ұйымдастырған үш күндік оқу бағдарламасы басталды. Оның мақсаты – жергілікті кадрлардың кәсіби біліктілігін арттыру, басқару және коммуникация дағдыларын дамыту. Курсқа мәслихат депутаттары, ауылдық округ әкімдері, бастауыш партия ұйымдарының өкілдері және филиал қызметкерлері қатысты.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо