Ерте көктемнен қызу еңбекке кіріскен диқандар биыл мол өнімге үміт артып отыр. Қазір көктемгі дала жұмыстарының қарқын алған шағы. Егіс алқаптарында жер жырту, ылғал жабу және тұқым себу шаралары жоспарға сай жүргізілуде. Облыста ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы 626 мың гектарды құрайды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо