Әлеуметтік көмек – мемлекет тарапынан азаматтарға көрсетілетін материалдық, қаржылық немесе әлеуметтік қолдау түрі. Облыста жыл басынан бері 11 700-ден астам отбасыға 725 млн теңгеге жуық көмек көрсетілген. Олардың қатарына атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй көмегі, үйде оқитын мүгедектігі бар балалардың шығындарын өтеуге арналған төлемдер жатады. Аталған санаттағы азаматтарға арналған қолдаулар туралы сала маманы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында баяндады.   

#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо