Оралда облыстық «Айбын-2026» әскери-патриоттық жастар жиыны өтуде. Білім басқармасы мен балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығы бірлесе ұйымдастырған іс-шараға өңір аудандары мен қала мектептерінен 14 команда қатысып жатыр. Олар үш күн бойы әскери қолданбалы спорт түрлері мен өзге де байқауларда бақ сынайды. Үздік шыққан жастар республикалық жиынға қатысуға жолдама алады.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо