20 сәуір – Ұлттық донор күні. Бұл күн өтеусіз қан тапсыратын донорларға, медицина қызметкерлеріне және өзгелерге өмір сыйлайтын жандарға құрмет көрсетуге арналған. Облыстық қан орталығында «Қан тапсыр – ерікті бол!» атты акция бастау алды. Өткен жылы өңірде 4 мың 600 донор 7 мың 640 рет қан тапсырып, өзгенің өміріне араша түскен.

#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо