Облыста 4 сәуір мен 30 мамыр аралығында экология айлығы жарияланды. Айлық барысында сенбіліктер аптасына екі рет, бейсенбі және сенбі күндері өткізіледі. Сондай-ақ биыл барлығы 47,2 мың түп көшет отырғызу да жоспарда. Бүгін Орал қаласында аймақ басшысы Нариман Төреғалиевтің қатысуымен ағаш отырғызу акциясы өтті. Оған қала жастарымен қатар, еңбек ардагерлері, қоғам белсенділері қатысты.

#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо