2023 жылдан бері «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша облысқа 14 млрд 800 млн теңге бөлінген. Нәтижесінде ауылдағы ағайын бизнес бастамаларын іске асырып, табысын арттыра түсті. Бағдарламаға белсенді қатысып отырған ауданның бірі – Тасқала. Биыл мұнда 32 адамның өтініші қанағаттандырылса, алғашқылары іске кірісіп те кеткен.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо