Биыл көктем ерте туды. Қазірдің өзінде қалада қар қалмады десе де болады. Бірақ көң-қоқыс мәселесі туындап отыр. Осыған орай 1 сәуірден тазалық айлығы бастау алады. Оның аясында қатты қалдықтарды жинастырып, аула аумақтарын абаттандыру көзделген. Айлық қарсаңында Орал қаласының әкімі Мұрат Байменов мониторингтік топпен бірге рейдке шығып, шаһардың санитариялық тазалығына назар салды.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо