Елімізде волонтёрлік қозғалыс қоғамдық өмір мен азаматтық жауапкершіліктің маңызды бөлігіне айналуда. «Amanat» партиясының жастар қанаты халыққа, әсіресе аға буын өкілдеріне көмек көрсету дәстүрін белсенді түрде жалғастырып келеді. Бұл қызмет Мемлекет басшысының қоғамдағы ынтымақ пен өзара көмекті нығайтуға бағытталған бастамаларымен тікелей үндеседі. «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы тек экологиялық тазалықты ғана емес, сондай-ақ ойдың, іс-әрекеттің және адамдар арасындағы қарым-қатынастың тазалығын да қамтиды.

#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо