Елімізде «Балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған бағдарламасы» жүзеге асуда. Аймақта аталған бағдарламаның орындалуын қамтамасыз ету аса маңызды. Осыған орай облыс әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетовтың төрағалығымен алқалы жиын өтіп, балық шаруашылығын дамыту мәселелері кеңінен талқыланды. Осы бағыттағы экономикалық ынталандыру шараларына мән беру, әкімшілік кедергілерді жою турасында әңгіме өрбіді. Жиынға осы кәсіппен шұғылдануға ниетті азаматтар қатысты.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо