Орал қаласында алғаш рет мектептер мен колледждер кәсіби бағдар беру бағытында бір алаңға жиналды. «Цифрлық дәуірдегі кәсіби бағдар: жаңа бағыттар мен заманауи трендтер» атты облыстық тәжірибелік семинар Орал ақпараттық технологиялар колледжінде өтті. Іс-шара аясында студенттер дайындаған өнімдер жәрмеңкесі, шеберлік алаңдары және пленарлық пікірталас ұйымдастырылып, қатысушылар заманауи цифрлық құралдар арқылы кәсіби бағдар берудің тиімді жолдарын талқылады. Семинарға мектептердің кәсіби бағдар беру мамандары, колледж оқытушылары қатысты. 

#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо