Орал қаласында шинкиокушинкай каратэден жасөспірімдер мен жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды. Ел біріншілігіне 17 облыс пен 3 мегаполистен келген 550-ден астам спортшы қатысты. Айта кетейік, татами шеберлері арасындағы дүбірлі дода Ақжайық өңірінде алғаш рет өткізіліп отыр. Чемпионаттың ашылу салтанатына ҚР Туризм және спорт министрлігінің өкілі мен Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев арнайы қатысып, тартысқа толы жарысқа көзайым болды.

#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо