«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда. Республикалық коалиция өкілдері бірнеше ауданды аралап, өңір тұрғындарымен кездесті. Бүгінгі күнге дейін жалпы облыс көлемінде 365 іс-шара өткізілген. Жоспарлы жұмыстың жарты бөлігі орындалған кезеңде кездесулерге 27 мыңға жуық адам қатысып, Конституцияның жаңа жобасының негізгі бағыттары талқыланды. Құжаттың жекелеген баптары мен нормаларына қатысты сұрақтарын қойған азаматтар ел тағдырына бей-жай қарамай, жоғары белсенділік танытуда.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо